Павлодарда аймақтық жас математиктер турнирінің жеңімпаздары анықталды

Павлодар қаласында облыстық Білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ІІІ аймақтық жас математиктердің турнирі өтті.
7-8 сыныптар арасындағы білім бәйгесіне Астана, Павлодар қалаларынан алты команда, Қарағанды, Алматы облыстарынан екі команда, Алматы қаласынан және Павлодар қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінен бір командадан барлығы 108 оқушы қатысты.
Ережеге сәйкес, турнирдің бірінші кезеңі командалық Олимпиада, екінші кезеңі жазбаша түрде өтті.
Бірінші лигада I орынды яғни , турнир Кубогын Павлодар қаласы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің командасы иеленді. II орынға Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің «Константа» және Астана қаласының «Magic Mathematicians» командасы ие болды.
III орында - Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы, Астана қаласының «Зерде - 1» және Астана қаласы «НұрОрда» қазақ-түрік лицейінің командасы
Екінші лигада I орынға - Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының «Жалын» командасы ие болса, II орын Астана қаласының «Зерде - 2» командасына берілді.