Елордалық оқушылар ғылыми жобалар байқауында топ жарды

Елордалық оқушылар Алматыда өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының төртінші және соңғы кезеңінде жалпыкомандалық есепте І орын алды.
Бірнеше жылдан бері астаналықтар алтын алып, «Ең үздік команда» атағын иеленіп келеді. Бұл жолы елордалық оқушылар командасы 5 алтын, 15 күміс, 18 қола медальға, сондай-ақ, 6 грамотаға қол жеткізді.
Төрт бірінші орынды №60 және №1 мектеп-лицейінің оқушылары алды. Күміс медаль №60 мектеп-лицейінің, Қазақ-түрік лицейінің және «Нұр Орда» мектеп-лицейінің оқушыларына бұйырды. № 1, 27, 54, 59, 63, 78 мектептерінің оқушылары үшінші орын иеленді.
Енді Астана құрама командасы өз еңбектерін 8-13 мамыр аралығында Феникс қаласында (Аризона, АҚШ) өтетін Intel ISEF-2016 оқушылардың жылсайынғы халықаралық ғылыми жобалар конкурсында таныстырады.
Республикалық жарыс барысында жас зерттеушілер 600-ге жуық ғылыми жоба ұсынды. Соның ішінде 59 жобаны 77 елордалық оқушы дайындаған, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жарыс төрт бағыт бойынша 18 секцияда ұйымдастырылды.