Басты Жаңалықтар Бүгін - Бүкіләлемдік киттер күні

Бүгін - Бүкіләлемдік киттер күні

Бүгін - Бүкіләлемдік киттер күні

19 ақпан - Бүкіләлемдік киттер күні.  1986 жылы Халықаралық кит аулау (International Whaling Commission - IWC) комиссиясымен бекітілген.

1986 жылы Халықаралық киттер комиссиясы киттерді аулауға және олардың етін саудалауға тыйым салды.

Кит - ең ірі сүтқоректі жануар. Әсіресе, көк кит деп аталатын киттің ұзындығы 33 метрден, ал, салмағы 150 тоннадан асады. Оның жүрегінің өзі 1 тоннаға дейін жетеді. Ал, тілінің өлшемі - бір пілдің өлшемімен тең. 

Киттердің миы күрделі құрылысты әрі жақсы дамыған. Олардың сезу мүшесінің қызметін қылшықты мұртшалары атқарады. Көзі су астында, су үстінде де жақсы көреді, есту мүшесі жақсы дамыған.  

Табиғатта 30-50 жылдай тіршілік етеді. Көпшілік түрі топталып, үйірленіп жүреді, теңіз жануарларымен қоректенеді.  Қорегін тұтастай жұтады.

Киттердің санын сақтау үшін қорғауға алынып, олардың 18 түрі мен бір түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.

Бөлісу