Елордалық балабақшалар жол қозғалысы ережелерін білу бойынша байқау өткізуде
Елордалық балабақшаларда жол қозғалысы ережелерін білу бойынша байқау басталды. Жылсайынғы шараға 73 балабақшаның ересек топтары қатысуда.
Байқау бағдарламасына «Бағдаршам сигналдары» музыкалық қойылымы енгізілді. Бұл балаларға жол қозғалысы ережелерін білуге жақсы көмектеседі.
Балдырғандар ұсынылған материалды тақпақ түріндегі сұрақтар мен жұмбақтар арқылы бекіте түседі. Қазылар алқасы олардың жол ережесін білуімен қатар, актерлік шеберліктері мен киімдеріне қарай бағалайды.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шара аяқталған соң қаланың үздік балабақшалары анықталатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02