Астанада мемлекеттік балабақшаларға балаларды қабылдау басталды
Алғаш рет қаладағы 91 мемлекеттік балабақшаға сегіз мыңға жуық бала қабылданбақ. №61 орта мектепте балаларды балабақшаларға топтау жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Биыл наурыз айында 240 және 280 орындық бес жаңа мектепке дейінгі мекеме пайдалануға беріледі. Әрбір балабақшада ерекше қарауды қажет ететін балаларға арналған топ құрылмақ.
«Біздің балабақшаны наурыз айында ашу жоспарланған. Жұмыс істеуге толықтай дайынбыз, интерактивті сыныптар, спорт және акт залымыз бар», дейді №89 «Қыз Жібек» балабақшасының меңгерушісі Сәуле Атақанова.
Балабақшаларға қабылдау 11 наурызға дейін жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02