«Барыс» тобының ойыншылары балаларға шеберлік сабағын өткізді
Өткен демалыста «Барыс» тобының ойыншылары астаналық балалар үйінің 60 тәрбиеленушісіне сабақ өткізді.
«Барыс» құрамасының бес хоккейшісі - Максим Худяков, Алексей Воронцов, Дамир Рыспаев, Никита Михайлис пен Илья Лобанов балалармен бірге конькимен сырғанаудың, клюшкамен ойнаудың негізгі жаттығуларын орындады.
«Мұндай қызық, әрі пайдалы іс-шараға қатысу - үлкен бақыт. Меніңше, өсіп келе жатқан ұрпақтың арасында саламатты өмір салтын насихаттау - әр спортшының борышы», - деді Максим Худяков.
Кездесу естелік фотосуретке түсу және қолтаңба берумен аяқталды. Жаттығудан кейін балалардың көбі болашақта хоккеймен айналысқылары келетіндіктерін айтты.
Фото:vechastana.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02