Бауырларын өрттен құтқарған оқушы (ВИДЕО)
Адам өмірін тілсіз жаудан құтқарудағы азаматтық жас талғамайды. 5 сынып оқушысы Данияр Сатыбалды жанып жатқан үйден бауырларын құтқару жолында ерлік жасады.
Өрттің қалай, неден шыққанын, қандай әрекет жасағанын Данияр өзі әңгімелеп берді.
«Таңертең тұрып, шай қойған едім. Қарындасым өшіремін деп, үлгермеді. Бір кезде бәрі екінші бөлмеге жылап келді. Алғашында өрт қояды екен деп ойладым. Бірақ қоймады, үйдің іші түтін болып кетті. Сосын терезені аяғыммен сындырып, алдымен өзім, кейін қарындастарымды шығардым. Содан қайта кіріп, құжаттар мен телефонды алып шықтым. Аяғыма екі жерден әйнек кіріп кетті. Ары қарай не болғанын білмеймін, талып қалдым», - дейді кішкентай батыр.
Туған-туыстары «Батыр бала» атап кеткен Данияр әдебиет, бейнелеу өнері пәндерін сүйіп оқиды.
«Таңшолпан» көрермендеріне де өлең оқып берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02