Қанатхан Әбілғалиұлы: Абайды әр бала жатқа тануы керек (ВИДЕО)

«Балапанның» ата-анасына
Балаларға арналған танымдық кітаптардың авторы Қанатхан Әбілғалиұлы және редактор Оразбек Сапархан бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.
«Бұл қазіргі қазақи салт-санаға бейімдеп, қазақ дәстүрін сақтауға негізделген дүниелер. 3 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға арналған. Абай өлеңдеріне жеке кітап арнадық. Себебі, Абайды әр бала жатқа тануы керек. Абай идеясы балаларға қонуы қажет», - дейді Қанатхан Әбілғалиұлы.
Оразбек Сапархан: «Біз Қанатхан ағамызға көмектесіп, кітаптарды редакциялауға, техникалық жағына қолғабыс еттік», - дейді.
«Ақылды қалам арқылы кітапты тануға болады. Бала қаламды кітаптағы суретке бір рет шерткенде суретті атайды, екінші рет шерткенде сөз тіркесін құрайды. Ал, үшінші рет шерткенде сөйлем құрайды. Мысалы, «алма», «қызыл алма», «Мына алма қып-қызыл екен», деген сияқты. Сондай-ақ, кітаптың ақ жерлеріне басса, қалам тақпақ айтып береді. Қаламның негізгі ерекшеліктері - осы».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25
«Balapan» арнасында жаңа мультхикая
03.02.2025, 09:00
🏆 «Balapan» телеарнасы – «Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық марапатына ие болды
16.01.2025, 20:00