Бүгін Астанадағы «Жастар» театрында «Үй тандаған лақ» ертегісі қойылады
Бүгін Астанадағы «Жастар» театрында «Үй тандаған лақ» ертегісі сахналанады. Қойылымда кербез де жалқау лақтың бастан кешкен оқиғасы баяндалады.
Лақ пен қозы көрші тұрады. Тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан олардың баспаналарының шатыры тесіліп қалады.
Жалқау лақ өз үйін жөндемей, орманнан басқа баспана іздеуге жолға шығады. Ал, еңбекқор қозы шатырын жасауға кіріседі.
Қалың орман ішінен үй іздеген лақ жолда түлкі мен қасқырға жем болуға шақ қалады. Қайырымды аюдың көмегімен аман қалған ол өз үйіне оралады.
Достыққа адал қозы лақ қайта оралғанша, өз үйімен қатар лақтың да баспанасын жөндеп қояды.
Қойылым сағат 10:00-де басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02