9 жастағы шахматшы Аяулым Қалдарова «Moscow open» жарысында чемпион атанды
Шымкенттік шахматшы Аяулым Қалдарова «Moscow open» жарысында чемпион атанды. 9 жастағы Аяулым тоғыз турда сынға түсіп, оның сегізінде жеңіске жеткен.
Аяулым Европа чемпионатына жолдамаға ие болды. Сайыс Грецияда өтеді деп жоспарланған.
«Аяулым екі жарым жылдан бері жаттығып келеді. Қызымның биік шыңдарды бағындыратынына сенімдімін. Бұл жолғы жарыс оңай болмады. Әр кездесу 3-4 сағатқа созылды. Ойынның аяқталуын тағатсыздана күтіп, уайымдадық», - дейді Аяулымның әкесі Нұрдаулет Қалдаров.
Енді Аяулым Қазақстан чемпионатына дайындалады. Республикалық жарыс 8-наурызда ұйымдастырылмақ.
www.otyrar.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02