«Smart Астана балалары» байқауына жұмыстар қабылдау 1 қыркүйектен басталады
2015 жылғы 1 қыркүйекте «Smart Астана балалары» балалар суреттері мен мектеп шығармаларының жылсайынғы байқауы басталады.
Шара Астананың орта білім беру мектептері оқушыларының арасында өткізіледі.
Ұйымдастырушы - «Astana Innovations» АҚ.
«Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбындағы жұмыстарды қабылдау 21 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
«Үздік балалар суретіне» төменгі сынып оқушыларының, «Үздік мектеп шығармасына» 6-11 сынып оқушыларының жұмыстары қабылданады.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде «Smart Астана 2015» жылсайынғы конференциясы шеңберінде өтпек, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02