«Балапан» кішкентай көрермендерге қонаққа барады

«Балапан» телеарнасында кішкентай балаларға арналған «Балапан қонаққа барады» жобасы басталады. Енді телеарна ұжымы еліміздің аймақтарында тұратын кішкентай көрермендеріне қонаққа барады.
Шара барысында «Балапан» телеарнасының редакциясына бүлдіршіндерден сан-алуан хаттар келіп түсті. Олар хаттарымен бірге өздерінің суреттерін, шығармаларын қоса жолдап, телеарнаға деген жылы лебіздерін білдіруде.
Осы уақытқа дейін телеарнаның түсірілім тобы Астана, Алматы, Қостанай, Көкшетау және Павлодар қалаларында тұратын көрермендеріне қонаққа барып үлгерді.
Балақайлар сүйікті телеарнасымен кездесуді күтіп отырмай, арнайы дайындалған тосын сыйларымен арна ұжымын қуантуда.
Осындай шара арқылы әр бала бір сәтке болсын өзі сүйіп көретін арнасының жұлдызы ретінде сезіне алуға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, аталмыш шараға қатысу үшін 10 ақпанға дейін «Балапан» телеарнасының редакциясына хат жолдау қажет. Телеарна ұжымы ең қызықты хатты таңдап, қонаққа жол тартады.
Хаттарды Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы «Балапан» телеарнасының редакциясына немесе balapantv@kaztrk.kz электронды поштасына жолдай аласыздар.
Сүйікті арнаңды қонаққа шақыру мүмкіндігін өткізіп алма!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25
«Balapan» арнасында жаңа мультхикая
03.02.2025, 09:00
🏆 «Balapan» телеарнасы – «Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық марапатына ие болды
16.01.2025, 20:00