«Балапан» телеарнасы «Бірге-бір» атты жаңа хабар ұсынады
«Балапан» телеарнасы тікелей эфирге шығатын «Бірге-бір» атты жаңа ойын-сауықтық хабар ұсынады.
Бағдарлама ойын түрінде өтеді. Хабар барысында екі түрлі ойын ойнатылады. Әр бағдарламаға 5 қонақ шақырылады.
Бір шығарылымда студия қонақтары кезекпен қағазда жазылған сөзді хабарласқан көрерменге (ойыншы) ым-ишарамен түсіндіреді.
Келесі шығарылымда студияға келген қонақтар құлаққап киіп, естіп тұрған әнін орындайды. Ал, көрермен оның қандай ән екенін табуы керек.
Ойыншыға тапсырманы орындау үшін 1 минут беріледі. Осы уақыт ішінде қанша тапсырманы дұрыс орындаса, сонша ұпайға ие болады.
«Бірге-бір» хабары жуырда эфирге шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02