Басты Жаңалықтар Елбасы қызылордалық оқушыға сыйлық жасады

Елбасы қызылордалық оқушыға сыйлық жасады

Елбасы қызылордалық оқушыға сыйлық жасады

Қызылорда қаласындағы №112 мектептің 2 сынып оқушысы Айлина Кәрбозова Елбасы атынан сыйлық пен тілек хатын алды. 

Айлина өткен жылдың желтоқсан айында Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап хат жазған. Хатында бірлік пен ынтымағы жарасқан елде өмір сүріп жатқаны үшін Елбасына алғыс білдірген.

«Мені анам қалай жақсы көрсе, сіз де Астананы солай жақсы көресіз. Сіз мемлекетімізге адал қызмет көрсетесіз, сондықтан сізді әлем сыйлайды. Мен де өскенде халыққа пайдамды тигізгім келеді», - деп аяқтапты хатын Айлина Кәрбозова.

Балақайға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы «Сабақты үздік оқы, еңбекқор болып өс. Алдыңа қойған мақсатыңа табандылықпен жетіп, еліңе пайдалы азамат бол»,  деп тілек білдірген.

Хатпен бірге Айлинаға Елбасының өмірі мен еңбек жолы туралы жазылған «Біздің Президент» деректі повесі  сыйлыққа берілген. 

 

 «Сыр бойы» газетінің сайты

Бөлісу