«Хайди» мультхикаясы қайта эфирге шығады
Көрермендердің сұрауы бойынша, «Хайди» мультхикаясы қайта көрсетіледі.
Туынды кішкентай қыз Хайди туралы. Ол Дэтэ әпкесінің қолында тәрбиеленеді.
Бір күні әпкесінің басқа қалада жұмыс істеуіне туралы келеді. Жаңа қалаға орналасып алғанша, Хайдиді атасына қалдырып кеткенді жөн көреді.
Осылайша, кішкентай қыз атасының қолында тәрбиеленеді. Олар Швейцариядағы Альпі тауының басында тұрады.
Хайдиға атасының ауылы ұнап қалады. Онда жаңа дос тауып, ешкі бағуды үйренеді.
Достар, мультхикаяны сенбі, жексенбі күндері сағат 07:20-да «Балапан» телеарнасынан тамашалай аласыңдар. Ал, қайталауы 13:30 және 19:30-да эфирге шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02