Елордадағы №76 мектеп-лицейде «Ата Заңым - айбыным!» атты жас кинорежиссерлер сайысы өтеді

Конституцияның 20 жылдығы мерекесіне орай Астана қаласының мектептерінде бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылмақ.
Қалалық Білім басқармасының хабарлауынша, 2 қыркүйекте қаланың барлық мектептерінде «Біз - Қазақстан Республикасының азаматтарымыз» атты ашық сабақ өтеді.
Осы күні №18 орта мектепте «Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылса, №28 мектепте патриотизм сабақтары өтеді.
Бұдан бөлек, 3 және 4 қыркүйек күндері №30 мектеп-гимназиясында «Конституция - Қазақстан тұрақтылығының кепілі» тақырыбында сурет сайысы ұйымдастырылмақ.
11 қыркүйекте №1 Өнер мектебінде қалалық «Адам және заң» суретшілер сайысы, ал, 12 қыркүйек күні №35 мектеп-лицейінде оқушылар арасындағы спорттық шаралар өтеді.
28-30 тамызда елордалық №76 мектеп-лицейде «Ата Заңым - айбыным!» жас кинорежиссерлер сайысы өтпек.
Сондай-ақ, жыл бойы елорда мектептері мен колледждері арасында «Біз - Қазақстанның болашағымыз» спартакиадасы ұйымдастырылады.