Басты Жаңалықтар «Балапан» қонаққа барады» байқауының уақыты ұзартылды

«Балапан» қонаққа барады» байқауының уақыты ұзартылды

«Балапан» қонаққа барады» байқауының уақыты ұзартылды

«Балапан» телеарнасына кішкентай балалардан толассыз хаттар келеді. Олар құттықтау-тілектерін, сурет, өздері жазған өлеңдерін, әндерін  де жібереді.

Сүйікті арнасы «Балапанды» үйіне қонаққа шақырғандар да бар.

 

Осыған байланысты телеарна ұжымы байқау жариялайды. Сайыс шарты бойынша, балақайлар өздерінің жүрекжарды лебіздерімен қоса түрлі туындыларын (шығарма, өлең, ән)   немесе басынан өткен оқиғасын, жасаған жақсылығын жазып,  «Балапан» телеарнасына жолдауы тиіс.

Үздік деп танылған хат иесінің үйіне  «Балапан» телеарнасы түсірілім тобымен тосын сый жасап,  қонаққа барады.

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы «Балапан» телеарнасы. Хатыңды  balapantv@kaztrk.kz поштасына жіберуіңе де болады.

Байланыс телефоны: +7 (7172) 55 34 16

Айта кетейік, байқау 10 ақпанға дейін жалғасады. 

Бөлісу