«Балапан» телеарнасы «Саяхатшы Дара» мультхикаясының жаңа маусымын ұсынады

«Балапан» телеарнасы «Саяхатшы Дара» мультхикаясының жаңа маусымын көрсетуде.
Туындыда Дара мен Диегоның бастарынан өткен қызықты оқиғалар баяндалады. Әр бөлімде кішкентай қыз саяхатқа аттанады.
Дара жолда кездескен тапсырмаларды орындап, жұмбақтарды шешеді. Сондай-ақ, ол қиындыққа тап болған жан-жануарларға көмектеседі.
Кішкентай көрермендер Дарамен бірге түстерді тануды, пішіндерді салуды, санауды және ағылшын тілін үйренеді.
Мультхикаяның жаңа маусымында қандай жаңалықтар бар? «Балапаннан» көрейік!
«Саяхатшы Дара» дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09:55-те эфирге шығады. Мультхикаяның екі бөлімі қатар көрсетіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25
«Balapan» арнасында жаңа мультхикая
03.02.2025, 09:00
🏆 «Balapan» телеарнасы – «Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық марапатына ие болды
16.01.2025, 20:00