Басты Жаңалықтар Психологтардың бала тәрбиесіне қатысты кеңесін ұсынамыз

Психологтардың бала тәрбиесіне қатысты кеңесін ұсынамыз

Психологтардың бала тәрбиесіне қатысты кеңесін ұсынамыз

1. Баланың міндетті түрде өзі орындайтын жұмыстары болуы қажет. Ата-ана тек тапсырмалардың орындалуын қадағалағаны жөн.

2. Балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындамауға тырысыңыз.

3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз. Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.

4. Балаңызға өз көзқарасыңызды танбаңыз. Өз нұсқаңыз дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.

5. Баланың кез келген қалауын орындауға асықпаңыз.

6. Балаға өзінің іс-әрекетін түсіндіруді үйретіңіз.  Оған алдымен ойланып, содан кейін ғана шешім қабылдауды үйрету керек.  Бастысы - өзі сенімсіздік танытқан мәселелер жөнінде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.

7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.

8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.

9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын, сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс-әрекетіңізді балаңыз қайталайды.

10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.

11. Жақсы іс-әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.

12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлай білу тиіс.

13. Ешқашан баланың икемсіздігін, қорқынышына күлмеңіз. Керісінше, баланың қорқынышын бірге шешіп, сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.

14. Уақытыңыз аз болса да, балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз.

www.inform.kz

Бөлісу