27 қаңтар - Антарктида материгінің ашылған күні

Балалар, сендер 1820 жылы 27 қаңтарда Антарктида материгінің ашылғанын білесіңдер ме?
Александр І қолдауымен 1819 жылы шілдеде Кронштад қаласынан алғашқы антарктикалық экспедиция жолға шықты.
Экспедиция жетекшісі болып капитан Фаддей Беллинсгаузен тағайындалды. Оның басшылығында болған үш матчталы «Восток» кемесі мен лейтенант Михаил Лазарев басқарған «Мирный» кемелері саяхатқа бірігіп аттанды.
Мұхитқа шыққаннан бері 6 ай өткенде, демек 1820 жылдың 27 қаңтарында оңтүстік континент тұңғыш рет көзге көрінді.
Алайда, адам баласы Антарктида жағасына тек ондаған жылдардан кейін ғана аяқ басты. Оңтүстік полюс саяхатшыларға қалың мұз бөлігі ретінде көрінді. Бұл шынымен материк екеніне сенімді болу үшін Беллинсгаузен жерге үш рет түсуге тырысты, алайда, бұл оның қолынан келмеді.
Сапар 750 күнге созылды. Теңізшілердің өжеттілігінің арқасында, мұзды континентпен бірге оңтүстік теңіздегі 28 арал ашылды.
Беллинсгаузен экспедициясы тарихқа белгілі сапарлардың ең ауыры және қауіптісі саналады.
Фото: vesveter.ru