Басты Жаңалықтар Қазақстандық жас спортшы Әлішер Қинуарбек Австрияда шаңғы жарысынан екінші орын алды

Қазақстандық жас спортшы Әлішер Қинуарбек Австрияда шаңғы жарысынан екінші орын алды

Қазақстандық жас спортшы Әлішер Қинуарбек Австрияда шаңғы жарысынан екінші орын алды

Әлішер Қинуарбек Австрияда өткен Халықаралық қысқы балалар ойындарында күміс медаль ұтып алды.

Австрияда Инсбург қалашығында VII Халықаралық қысқы балалар ойындары өтті. «Olympia World» спорт аренасында жарыстың 8 түрі бойынша 31 медаль үлестірілді.

Олардың ішінде тау шаңғысы, биатлон, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, хоккей, фристайл, сноуборд сияқты спорт түрлері болды.

Шараға 22 мемлекеттен 12-15 жас аралығындағы 800 спортшы қатысты. Жеңіске жеткен Әлішер Қинуарбек - Ақмола облысының Тасөткел ауылындағы мектептің 8 сынып оқушысы.

«Әлішер - шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионы. Енді халықаралық жарыста да ел  намысын қорғап шықты», деді оның бапкері Фарида Башмакова.

Айта кетсек, Австриядағы Халықаралық қысқы балалар ойындары тұңғыш рет 1968 жылы ұйымдастырылған. 

Бөлісу