Басты Жаңалықтар Қазақстанда «Шекарасыз цирк» студиясы ашылды

Қазақстанда «Шекарасыз цирк» студиясы ашылды

Қазақстанда «Шекарасыз цирк» студиясы ашылды

Жақында Алматы қаласында Мұрат Мұтырғановтың басшылығымен «Шекарасыз цирк» атты студияның тұсауы кесілді.

«Біз бұрыннан бері Қазақстанда кез келген жастағы бала қатыса алатын студия ашуды армандадық. Оған қоса, біздің студия мүмкіндігі шектеулі балаларды да қуана-қуана қарсы алады. Қызықты  қызмет саласында олардың өз-өздерін таныта алатындықтарына мен кәміл сенемін», - дейді белгілі цирк әртісі.

Оқу барысына ересектер да қатыса алады. 

Цирк студиясында қазіргі таңда өз ісінің үздік мамандары жұмыс істеуде.  Елбасы қорының грантымен аса дарынды және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар студияда тегін білім алатын болады. Шәкірттер арнайы кастингтен кейін қабылданады.

 

 

Материал liter.kz сайтынан аударылды

Бөлісу