Басты Жаңалықтар 24 қаңтар - халықаралық эскимо күні

24 қаңтар - халықаралық эскимо күні

24 қаңтар - халықаралық эскимо күні

24 қаңтар күні тәтті мейрам - халықаралық эскимо күні тойланады. Дәл осы күні 1922 жылы Онава қаласында (Айова штаты, АҚШ) кәмпит дүкенінің иесі Христиан Нельсон эскимоға патент алған.

Эскимо - шоколад глазурімен қапталған таяқшадағы кілегей балмұздағы. Негізінен оның тарихы 2 мың жылдан асады, кейбір пікірлер бойынша, көне Рим императоры Нероннің өзі осындай десертті жақсы көрген.

1930-ы жылдары эскимо балмұздағын тамсанып жейтіндер көбейіп, олардың саны әлі күнге дейін азайған жоқ.

1937 жылы Мәскеу комбинатында тәулігіне 25 тонна балмұздақ шығаратын  зауыт ашылған.

Кейінірек, эскимоның түрі мен құрамы өзгере бастады. Цилиндр іспеттес эскимолардың орнына дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш және тағы басқа фигуралы балмұздақтар шықты. Оларды кілегейден ғана емес, сүт және сүтті тағамдардан да жасай бастады. Бұрын нағыз шоколадпен жабылған балмұздаққа неше трүлі майлар мен бояғыш заттар қоса бастады.

Арнайы жарнамалаудан кейін бұл балмұздақ балалардың ғана емес, үлкендердің де сүйікті тәттісіне айналды.

Бөлісу