Елордада 15 мектепте «Apple Lab Astana» бағдарламасы енгізіледі

Бүгінгі таңда елордалық жалпы білім беру мектептерінде 117 097 бала оқып жүр. Соның ішінде 113 376 бала мемелекеттік мектепте білім алады.
2015 жылы 7200 орындық 6 мектеп (№ 77, 79, 80, 81, 82, 83) пайдалануға берілді.
2015 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша Астана республика бойынша бірінші орынға тұрақтады. 399 елордалық оқушы халықаралық олимпиадаларға және ғылыми жарыстарға қатысып, 238 медаль алды.
Қаладағы білім беру ұйымдары ғаламтормен 100 пайыз қамтылған. 2016 жылы орта білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану бойынша жұмыстарды жалғастыру үшін 15 мектепте 7 сыныпта ағылшын тілі пәнінде «Apple Lab Astana» бағдарламасы енгізіледі. Сонымен қатар 42 мектепте «Биоинформатика және синергетика» сапаны бақылау технологиясы бойынша жұмыстар жалғасады.
Дереккөз:astana.gov.kz