«Айгөлек» республикалық балалар байқауының жаңа маусымы түсірілуде
Қымбатты, достар!
Талантты бүлдіршіндердің өнерін тамашалайтын күн жақын. «Балапан» телеарнасы «Айгөлек» республикалық балалар байқауының жаңа маусымын ұсынады.
Биылғы маусым жылдағыдан ерекше. Бұл жолы балалар сайысқа түспейді. Тек үлкен сахнада ән айтып, өнерлерін ортаға салады.
Қазіргі уақытта еліміздің әр түкпірінен келген балғындармен түсірілім жұмыстары жүргізілуде. Концертке жобаның әр жылдардағы жеңімпаздары мен еліміздегі және түрлі халықаралық байқаулардан үздік шыққандар қатысады.
Келешегінен мол үміт күттіретін кішкентай өнерпаздар көрермен достарымен қауышатын күнді асыға күтуде.
Жаңа маусым эфирге қыркүйек айынан бастап шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02