Зұлпықар тіс жууды қалай үйренді?

«Қиял қанатында»
Зұлпықар тіс жууды қалай үйренді?
Зұлпықардың жасы төртте. Ол бұрын тіс жууды білмейтін. Сондықтан оған әртүрлі микробтар үйір еді. Сол себепті ол жиі ауыратын.
Бір күні Зұлпықардың түсіне тіс щеткасы мен тіс пастасы кіріп:
- Тісіңді жу! Әйтпесе, тісің ауырып, шіріп, түсе бастайды, - дейді.
Зұлпықар түсінен шошып оянады. Таңертең тұра салып, анасына:
- Апа, маған тіс щеткасы мен тіс пастасын сатып алып беріңізші, - дейді.
Апасы оған сұраған затын сол күні-ақ әкеліп береді.
Зұлпықар айнаға қарап, тісін жуа бастайды. Жуғаннан кейін тісі бұрынғыдан да аппақ сияқты болып көрінеді.
Содан кейін ол тісін күнде таңертең жууды әдетке айналдырады.
Енді Зұлпықар ешқашан ауырмайтын болды. Әртүрлі микробтар да одан қорқып, қашып кетті.
Іңкәр-Бегім РАХАТҚЫЗЫ
7 жаста
Ақтау қаласындағы №10 орта мектебінің 2 «А» сынып оқушысы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25
«Balapan» арнасында жаңа мультхикая
03.02.2025, 09:00
🏆 «Balapan» телеарнасы – «Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық марапатына ие болды
16.01.2025, 20:00