Алматыда балаларға арналған «Менің Отаным - Қазақстан!» атты сурет көрмесі ашылды
Алматыда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау басталып кетті. С.Бегалин атындағы балалар кітапханасында «Менің Отаным - Қазақстан» атты сурет көрмесі ашылды.
Бұған дейін жарияланған байқауға келіп түскен жұмыстардың 188-і іріктеліп алынып, көрмеге қойылған.
Суреттерде Қазақстанның әсем табиғаты, мемлекеттік рәміздері, ұлттық киім мен музыкалық аспаптары бейнеленген. Жас суретшілер халықтар достығына да назар аударған.
Көрме 1 айға жалғасады. Келушілер 7-16 жас аралығындағы балалардың жұмыстарын тамашалай алады.
Ұйымдастырушылар жыл соңына қарай суреттер толықтырылатынын айтады.
www.almaty.tv
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02