Бүгіннен бастап «Батыр бол, Батырбол!» анимациялық мультхикаясы эфирге шығады

«Балапан» телеарнасы көрермендеріне жаңа мультхикая ұсынады. Туынды «Батыр бол, Батырбол!» деп аталады.
Мультхикаяда Батырбол батырдың ерлігі мен қайсарлығы баяндалады.
Алғашқы бөлім ауыл тұрғындары туралы. Бір қызығы - ауылдағы адамның бәрі ұйқыға кетеді.
Ал, патша бәрінің бір уақытта шаршап қалуы мүмкін емес деп ойлайды. Ол ауыл тұрғындарының жалқауланып кеткеніне, ештеңе істегісі келмейтініне алаңдайды.
Бір күні ол Батырболды шақырып, осы мәселені шешуді тапсырады. Батырбол ауыл тұрғындарына не болғанын біле ала ма? Патшаға батырлығын дәлелдей ала ма?
«Балапан» телеарнасынан «Батыр бол, Батырбол!» мультхикаясын бүгін сағат 14:00-де тамашалай аласыңдар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25
«Balapan» арнасында жаңа мультхикая
03.02.2025, 09:00
🏆 «Balapan» телеарнасы – «Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық марапатына ие болды
16.01.2025, 20:00