Басты Жаңалықтар «Астана Опера» театры «Жануарлар карнавалын» ұсынады

«Астана Опера» театры «Жануарлар карнавалын» ұсынады

«Астана Опера» театры «Жануарлар карнавалын» ұсынады

 

«Астана Опера» театры жаңа шығармашылық жоба – балаларға арналған әдеби-музыкалық концертін ұсынады.  17 қаңтар күні театрдың камералық залында «Жануарлар карнавалы» атты зоологиялық қиял-ғажайып ертегі қойылады.

Сахнада жасөспірімдер үшін арнайы жазылған ең танымал шығармалардың бірі – француз композиторы Шарль-Камиль Сен-Санстың «Жануарлар карнавалы» сюитасы орындалады. Балалар симфониялық оркестр аспаптарының дыбыстарымен танысып, олардың жануарлар мен құстардың дауысына қалай еліктей алатынын, қылықтарын қалай келтіретінін тамашалай алады.

Алғаш рет сюита 1886 жылдың 9 наурызында орындалды. Бұл шығарманы тек әзіл ретінде есептеген Сен-Санс «жеңіл» музыка авторы атанудан қорқып, көзінің тірісінде оны басып шығаруға тыйым салады. Сөйтіп, «Жануарлар карнавалы» 1921 жылы композитор қайтыс болғанға дейін, тек жеке үйлерде ғана орындалып жүрді.

Сен-Санс сюитаның жалғыз бөлімі – виолончель мен фортепианоға арналған «Аққу» пьесасын ғана басып шығаруға рұқсат берді. Ол автордың көзі тірісінде музыканттардың репертуарына тұрақты енген болатын.

Жалпы, «Жануарлар карнавалы» әзілге толы, оның кейбір бөліктерінен танымал музыкалық шығармаларға ұқсастық немесе олардан үзінділер естуге болады.

Қойылым 12:00-де орыс, 14:00 қазақ тілінде сахналанады.

Бағдарламада:

Орындайтын:

«Астана Опера» камералық оркестрі. Дирижері – Руслан Баймурзин

Мәтінді оқитындар:

Сәуле Мәулетова (орыс тілінде)

Төлеген Назарбеков (қазақ тілінде)

 

ФОТО: astanaopera.kz

Бөлісу