Басты Жаңалықтар Конституция күніне орай елорданың 1 сынып оқушылары үшін мерекелік сабақ өткізіледі

Конституция күніне орай елорданың 1 сынып оқушылары үшін мерекелік сабақ өткізіледі

Конституция күніне орай елорданың 1 сынып оқушылары үшін мерекелік сабақ өткізіледі

28 тамызда ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде, сағат 11.00-де № 48 мектеп-лицейінің 1 сыныпқа баратын бүлдіршіндері үшін «Менің Қазақстаным - менің болашағым» мерекелік сабағы өткізіледі.

Шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған.

Мектеп табалдырығын аттайтын оқушылар мұражай өлкесіне саяхат шеге отырып, Ата Заңымыздың құрылу тарихымен, Конституцияда бекітілген құқықтары және міндеттерімен танысады. Бүлдіршіндер сондай-ақ, Отан, ана тілі, еркіндік, мемлекеттің тарихы, дәстүрі сияқты ұғымдар туралы өз ойларымен бөліседі.

Ұйымдастырылып отырған мереке барысында балалар ойын элементтері арқылы «Мен - Қазақстан азаматымын» бөлімінде жаттығулар орындап, сурет салу арқылы топтарымен бірлесе жобалар қорғайды.

Ұйымдастырушылар мерекелік сабақтан естелік ретінде балаларға арнайы сыйлықтар әзірлемек.

 

Дереккөз: astana.kz

 

 

Бөлісу