«Шытырманның» жартылай финал жеңімпаздарын бірге анықтайық! (ВИДЕО)

Достар, қызықты сайысты тамашалауға дайынсыңдар ма? Жартылай финалда жеңіске жету үшін талай кедергіден өтетін алғыр, зерек, табанды сайыскерлерімізді қолдайық!
Әр хабарға 3 бала қатысып, өзара үздікті анықтайды. Сайыста олардың шапшаңдығымен қатар, білімі де сыналады.
Қатысушылар «Жартас» биігін бағындырып, «Аспалы көпірден» құламай өтуі керек.
«Айналы бөлме» сұрақтарына дұрыс жауап беріп, «Қауіпті сырғанаудан» межеге жетуі тиіс.
«Лазер бөлмесіндегі» сәулелерге тиіп кетпей, бөлменің арғы жағына жетуі керек.
Сан түрлі кедергіден тұратын «Шытырман» хабарын өткізіп алмаңдар. Бағдарлама ертең сағат 11:45-те эфирге шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25
«Balapan» арнасында жаңа мультхикая
03.02.2025, 09:00
🏆 «Balapan» телеарнасы – «Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық марапатына ие болды
16.01.2025, 20:00