Басты Жаңалықтар Бүгін «Астана Опера» театрында балаларға арналған «Ханшайымда қонақта» қойылымы сахналанады

Бүгін «Астана Опера» театрында балаларға арналған «Ханшайымда қонақта» қойылымы сахналанады

Бүгін «Астана Опера» театрында балаларға арналған  «Ханшайымда қонақта» қойылымы сахналанады

 

Бүгін  «Астана Опера» театрының Үлкен залында «Ханшайымда қонақта» атты балаларға арналған музыкалық спектакль қойылады.

Режиссер Наталья Кагадий қоятын спектакль Беларусь Республикасында өткен «Куршинале-2015» Халықаралық өнер Олимпиадасында I дәрежелі Дипломмен марапатталған. Қойылымға театр әртістерімен қатар  Балалар студиясының оқушылары да қатысады.

Туынды кішкентай бөбектің басынан кешкен қызықтары туралы.

Ертегінің желісі бойынша, балақай Жаңа жыл түнінде жан біткен ойыншықтармен бірге Ханшайым балына аттанады. Алайда мерекеге шақырылмағанына ыза болған мейірімсіз пері Карабос бәрін ұйықтатып тастайды.

Егер Жаңа жыл келгенше ешкім сиқырды бұза алмаса, ойыншықтар кішкентай қожайындарына ешқашан оралмайды.  Балақайға батыр Ер Төстік көмекке келіп, сиқыршыны жеңеді.

Осылайша, Аяз ата мен Ақшақар, қуыршақ, қарақшы, қоян, сонымен қатар ертегі кейіпкерлері – Қызыл телпек пен сұр қасқыр, етік киген мысық пен ақ мысық Жаңа жылды көңілді қарсы алады.

 

astanaopera.kz

Бөлісу