«Түлкі мен ит» мультфильмін өткізіп алмаңдар!
«Балапан» телеарнасы «Walt Disney» компаниясы ұсынған «Түлкі мен ит» мультфильмін ұсынады. Туындыда Тод есімді жәудір мен Коппер деген күшіктің достығы туралы баяндалады.
Жәудірдің анасын аңшылар атып әкетеді. Мұны көрген үкі түлкінің баласын орманға жақын маңдағы фермаға әкеледі. Ферма иесі Твид кішкентай жәудірді бір көргеннен-ақ ұнатып қалады. Твид оны Тод деп атайды.
Бірде оның көршісі аң аулайтын күшік әкеледі. Кішкентай күшікті Коппер деп атайды. Осылайша, Тод пен Коппер дос болады.
Күнде екеуі ойын ойнап, уақытын қызықты өткізеді. Бірақ екеуінің табиғаты - әртүрлі. Есейгенде олардың достығы сақтала ма?
«Балапан» телеарнасынан бүгін сағат 20:25-те эфирге шығатын «Түлкі мен ит» мультфильмін өткізіп алмаңдар!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02