31 желтоқсан 2015 жыл

«Балапанда» - «Малефисента» отбасылық фильмі (ВИДЕО)

«Балапанда» -  «Малефисента» отбасылық фильмі (ВИДЕО)

 

«Балапан» телеарнасы «Малефисента» отбасылық фильмін ұсынады. Фильм сиқыршы қыз Малефисента туралы.

Жас сиқыршы ертегі әлемінің жануарлары тұратын ғажайып орманда өмір сүреді.

Бір күні орманға Стефан атты жас бала келіп, Малефисентамен танысады. Олар кездесіп жүреді, тек көп жылдан соң ғана бір-біріне деген махаббатын мойындайды.

Малефисента есейген соң сиқырлы орманның қорғаушысы болады. Ал бұл кезде адамдар патшалығының патшасы әскерімен орманды жаулап алмақ болады.

Бірақ олар  жеңіліске ұшырап, өзі қатты жараланады. Патша егер кімде-кім Малефисентаны өлтірсе, оны мұрагері етіп жариялайтынын айтады.

Мұны естіген Стефан келесі кездесуде Малефисентаны ұйықтатып, қанатын кесіп әкетіп, сиқыршыны өлтіргенін хабарлайды.  Сөйтіп, ол таққа отырады да, соңынан үйленіп, қызы дүниеге келеді.

Ашуға булыққан Малефисента адамдармен күреседі. Ал, патша Стефанның жаңа туған қызын сиқырлайды. Егер сұлу Аврораның саусағы ұршыққа тисе, 16 жасқа толған күні мәңгілік ұйқыға кететін болады...

«Малефисента» отбасылық фильмін  3 қаңтар күні сағат  21:10-да «Балапан» телеарнасынан тамашалай аласыңдар. 

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!