«Батыл жүрек» мультфильмін ұсынамыз
«Балапан» телеарнасы «Pixar» және «Walt Disney Pictures» компаниясының «Батыл жүрек» мультфильмін ұсынады.
Мультфильм жіберген жебесі нысанаға дәл тиетін, ат құлағында ойнайтын Мерида ханшайым туралы. Ол - Фергюс патшаның ерке қызы.
Бір күні Мерида орманда жарқырауық қуып жүріп, мыстан кемпірдің арбауына түсіп қалады. Мыстан оның анасы - Элинор патшайымды аюға айналдырады.
Ал, Фергюс патша аю аулайтын болады. Мұны білетін қыз «қайтсем жағдайды түзеймін?» деп жүріп, түрлі оқиғаға тап болады.
«Батыл жүрек» мультфильмі 1 қаңтар күні сағат 11:00-де «Балапан» телеарнасынан көрсетіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыРесми мәлімдеме
12.05.2026, 15:55
«Би әлеміне самға!» мерекелік концерті
24.04.2026, 14:00
22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34