«Балапан» телеарнасы «Түлкі мен ит» мультфильмін көрсетеді (ВИДЕО)

«Балапан» телеарнасы «Walt Disney» компаниясы ұсынған «Түлкі мен ит» мультфильмін көрсетеді. Туындыда Тод есімді жәудір мен Коппер деген күшіктің достығы туралы баяндалады.
Жәудірдің анасын аңшылар атып әкетеді. Мұны көрген үкі түлкінің баласын орманға жақын маңдағы фермаға әкеледі. Ферма иесі Твид кішкентай жәудірді бір көргеннен-ақ ұнатып қалады. Твид оны Тод деп атайды.
Бірде оның көршісі аң аулайтын күшік әкеледі. Кішкентай күшікті Коппер деп атайды. Осылайша, Тод пен Коппер дос болады.
Күнде екеуі ойын ойнап, уақытын қызықты өткізеді. Бірақ екеуінің табиғаты - әртүрлі. Есейгенде олардың достығы сақтала ма?
«Балапан» телеарнасынан 1 қаңтар күні сағат 20:25-те эфирге шығатын «Түлкі мен ит» мультфильмін өткізіп алмаңдар!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25
«Balapan» арнасында жаңа мультхикая
03.02.2025, 09:00
🏆 «Balapan» телеарнасы – «Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық марапатына ие болды
16.01.2025, 20:00