Басты Жаңалықтар «Айгөлек» сазды жобасы Жаңа жылға арналған ерекше концерт ұсынады (ВИДЕО)

«Айгөлек» сазды жобасы Жаңа жылға арналған ерекше концерт ұсынады (ВИДЕО)

«Айгөлек» сазды жобасы Жаңа жылға арналған ерекше концерт ұсынады  (ВИДЕО)

«Айгөлек» сазды жобасы Жаңа жылды асыға күткен көрермендерге ерекше мерекелік концерт ұсынады. Бұл думанды кеш үлкендерсіз өтеді.

Балақайлардың бірі – режиссер, бірі – оператор, бірі – продюсер болса, енді бірі – бет әрлеуші қызметін атқармақ.

Жаңажылдық кеште Бақыт Шадаева шәкірттерімен ән салса, Алматы симфониялық оркестрі кішкентай балақайларға классикалық музыка ұсынады.

Ал, София Гамазова «Щелкунчик» балетін билейді.  Сондай-ақ, «Лүпіл», «Таңсәрі», «Айналайын» сынды топтар кеш көрігін  қыздырмақ. 

Жаңажылдық концертке өнерлі бүлдіршіндермен қатар,  Аяз ата мен Ақшақар, үлкен аю мен панда да қатысады.

Жаңа жылды «Айгөлекпен» бірге қарсы алайық!

Мерекелік шығарылым 27 желтоқсан күні сағат 14:25-те эфирге шығады. 

Бөлісу