Басты Жаңалықтар «Балапан» телеарнасы «Қайсар сері» атты жаңа мультхикая ұсынады (ВИДЕО)

«Балапан» телеарнасы «Қайсар сері» атты жаңа мультхикая ұсынады (ВИДЕО)

«Балапан» телеарнасы «Қайсар сері» атты жаңа мультхикая ұсынады (ВИДЕО)

«Балапан» телеарнасы көрермендеріне «Қайсар сері» атты жаңа мультхикая  ұсынады. Туынды батыр мінезді  Расти сері туралы.

Мультхикаяда Ульрих есімді баламен танысасыңдар. Ол елдерді аралайтын батырлар туралы кітап оқығанды ұнатады.

Кішкентай балақайдың арманының бірі – айдаһармен шайқасып, оны жеңіп, ерлік жасау болса, ендігісі – сұлу да сүйкімді ханшайымды  құтқару.

Бірде Ульрих арманының қалай орындалғанын байқамай қалады. Себебі ол ерекше әлемге тап болады.

Онда көптеген батыр және хандармен кездеседі. Алайда олардың бәрі робот болады. Оларды бірі – Расти еді...

Достар, «Қайсар сері» мультхикаясы жуырда «Балапан» телеарнасынан көрсетіледі.  

Бөлісу