Бүгін «Хайди» мультхикаясының 5 бөлімі көрсетіледі
Достар, бүгін «Хайди» мультхикаясының 5 бөлімі эфирге шығады. Туынды қаладан ауылға келген кішкентай қыз Хайди туралы.
Ол атасымен бірге Швейцариядағы Альпі тауының басында тұрады. Онда Петер есімді баламен танысып, достасады.
Мультхикаяның өткен бөлімінде екі дос торғайды құтқарып қалады. Хайди оны Чиппи деп атайды. Торғайға үйшік те жасап береді.
Мультхикаяның бүгінгі бөлімінде балалар қандай қызықққа тап болады?
«Балапан» телеарнасынан сағат 12:05-те көрейік! Мультхикаяның қайталауы сағат 22:10-да эфирге шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02