«Балапанда» - Қабанбай батыр туралы мультхикая
«Балапан» телеарнасы «Батырлар» мультхикаясының екінші бөлімін ұсынады. Туынды Қабанбай батыр туралы. Онда батырдың ерлігі баяндалады.
Қабанбай Қожақұлұлы (Қаракерей Қабанбай) - батыр, талантты қолбасшы. Оның азан шақырып қойылған есімі - Ерасыл. Жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, «Қабан батыр» атанған екен.
Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Қабанбай батыр он алты жасында жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған деседі.
Қабанбай батыр туралы мультфильмді бүгін сағат 08:35, 14:00 және 18:05-те «Балапан» телеарнасынан тамашалай аласыңдар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02