Алматы көшелерінде жануарлар шеруі өтті

Бүгін Қазақ циркінің құрылғанына 45 жыл толуына орай Алматы көшелерінде жануарлар шеруі өтті.
Қаланың кішкентай тұрғындары мен олардың ата-аналары түйе мен аюлардың өнерін тамашалап, «Номад» көшпелі акробатикалық тобының, цирк балеті əртістерінің қойылымдарына куə болды.
Жануарлар шеруі мерекелік қойылыммен аяқталды.
Бұдан бөлек, 18-23 тамыз аралығында мерейтойға орай қалада «13 ғажайып» халықаралық театр-цирк қойылымы ұйымдастырылмақ.
Біле жүрейік:
Қазақ Мемлекеттік циркі - кәсіби ұлттық өнер ұжымы. 1970 жылы Қазақстанның Халық әртісі Гүлжиһан Ғалиеваның жетекшілігімен құрылған.
1972 жылы цирктің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді. Бұл Қазақ циркі өнерінің өркендеуіне игі ықпал етті.
2000 жылы цирк аумағында «Арлекино» балалар ойын-сауық кешені ашылды. 2001 жылы атқа салт мініп жүру мектебі құрылды. 2003 жылдан бері «Шапито» атты жазғы шатырлы цирк жұмыс істеуде.
Дереккөз:inform.kz