Ертең «Қазыналы ғаламшар» мультхикаясы көрсетіледі (ВИДЕО)

«Балапан» телеарнасы «Қазыналы ғаламшар» мультхикаясын ұсынады. Туынды қарақшылардың арасына кездейсоқ түскен Джим атты бала туралы.
Шатырда отырған16 жастағы Джим ғарышқа ұшатын кеменің апатқа ұшырағанын көреді. Сөйтіп, ол ажал аузында жатқан өзгеғаламшарлық қарақшы Билли Бонсты құтқарады.
Апаттан ауыр жарақат алған қарақшы қайтыс болады. Ол Джимге құлыпталған сандықшаны табыстап үлгереді.
Сандықта орамалға оралған түсініксіз кішкентай шар жатады. Бірер сәттен соң оған қарақшылар шабуыл жасайды.
Джим отбасылық достары дәрігер Дэлберт Доплердің үйіне жасырынады. Ол жерде белгісіз әдіспен шарды ашып көреді. Бір кезде қазыналы ғаламшарға жол көрсететін голографиялық карта пайда болады. Осылайша Джим мен дәрігер Дэлберт сапарға аттанады.
Шытырманға толы ғарыш әлеміне «Балапанмен» бірге саяхаттаймыз!
«Walt Disney» компаниясының «Қазыналы ғаламшар» мультфильмі 16 желтоқсан күні сағат 21:15-те эфирге шығады.