Басты Жаңалықтар Кім патша болады?

Кім патша болады?

Кім патша болады?

 

«Балапан» телеарнасы  «Кім патша болады?»  мультфильмін ұсынады.

Мультфильмде бір қалың орманда барлық аң-құс тату-тәтті өмір сүреді. Бір күні жануарлар  балаларын алғаш рет жеке қалдырады. Тек аң патшасы арыстан ғана баласын өзімен бірге ертіп кетпек болады.

Ал, балалар өзара «Кім патша болады?» ойынын ойнауды жоспарлайды. Оларға арыстан кезекпен патша болып көруді ұсынады. Егер кімнің басқаруы ұнаса, сол патша болсын, тек әділ басқарсын, дейді.

Кішкентай жануарлардың қайсысы патша болады? «Балапаннан» көрейік!

«Кім патша болады?»  мультфильмі бүгін сағат 11:35 және 17:45-те көрсетіледі. 

Бөлісу