«Балапанда» - «Аймен жарысқан пошташы Жаманқұл» мультхикаясы
Пошташы Жаманқұлдың жұмысына ауыл тұрғындарының көңілдері толмайды. Олар хатты кешігіп жеткізетіні үшін ренжиді.
Бір күні пошташы аймен жарысады. Жаманқұлға айдың төбеде тұрғаны ұнамайды. Оның ақырын жүріп келе жатқанын мазақтап тұрған сияқты көрінеді.
Ол ай соңымнан қалмайды деп ойлайды. Ал, айдың онымен жарыспағанын қайдан білсін?!
Осылайша, Жаманқұл айдан озуға бел буады. Сөйтіп, артқа қарай жүріп, оны адастырмақ болады.
Айдан озу Жаманқұлдың қолынан келе ме?
Сағыныш сәлемін жеткізетін «Аймен жарысқан пошташы Жаманқұл» мультфильмін «Балапан» телеарнасынан тамашалаңдар. Мультфильм ертең сағат 10:05-те эфирге шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02