«Балапан» телеарнасы «Хайди» мультхикаясын ұсынады (ВИДЕО)

«Балапан» телеарнасы көрермендеріне жаңа мультхикая ұсынады. Туынды кішкентай қыз Хайди туралы.
Хайди атасының қолында тәрбиеленеді. Олар Швейцариядағы Альпі тауының басында тұрады.
Кішкентай қыз айналасындағыларды мейірімділігімен, сүйкімділігімен өзіне баурап алады. Хайдидің Петер есімді досы болады. Ол – қойшы. Петер Хайдимен көгалда ойнағанды жақсы көреді.
Мейірімді қыздың тағы бір досы – Клара. Ол ауыр сырқатқа шалдығып, жүре алмай қалады. Хайди Клараның емделуіне көмектеседі.
Кішкентай қыз туралы «Хайди» мультхикаясы бүгіннен бастап «Балапан» телеарнасынан көрсетіледі.
«Хайди» мультхикаясының әні
Асқар – Альпі биік таудан,
Атасы мен иті бар жан –
Хайди.
Кездейсоқ бір оқиғаға,
Тап болғанда құтқаратын дос.
Хайди
Жанға нұр жинаған,
Хайди
Көңіл сыйлаған.
Хайди
Тәп-тәтті қылығың.