Балалардың сүйікті мультхикаясына айналған «Мияның ертегі әлемі» сенбі, жексенбі күндері эфирге шығады. Мультхикая ертегіге құмар Мия есімді қыз туралы.
Мияның басқа балалардан ерекшелігі – оның сиқырлы кітабы мен сиқырлы білезігі бар. Бұл таңғажайып заттар оны үнемі ертегі әлеміне жетелейді. Ол - Центопия әлемі.
Онда Мия ұша алатын періге айналады. Ертегі әлеміндегі достары - аңыздағы пан және қанатты ат.
Мия құпиясын сыныптастарынан жасыра ала ма? «Балапаннан» көрейік!
«Мияның ертегі әлемі» мультхикаясы сенбі күні сағат 09:25 және 14:00-де эфирге шығады. Ал, жексенбі күні 09:25 және 13:30-да тамашалай аласыңдар.