Ертеңнен бастап «Аюлар» мультхикаясы эфирге шығады (ВИДЕО)

«Балапан» телеарнасы жаңа «Аюлар» атты мультхикая ұсынады. Туынды орман аюларының бастан кешкен қызықты оқиғалары туралы.
Үлкен әрі әдемі орманда аюлар өмір сүреді. Бірде Вик есімді адам келіп, ағаштарды шаба бастайды.
Оның бұл қылығы жануарларға ерсі көрінеді. Адам баласы үйлерін бұзып жатқанына қатты ренжиді. Алайда көптен күткен қыс та келеді. Аюлар Жаңа жылға дайындала бастайды.
Тіпті Вик те мерекеге дайындалып, ағаштарды кесуді тоқтатады. Ол мейрамды көптен бері көрмеген отбасымен қарсы алуды армандайды.
Бірақ Вик ұзақ жол жүруге ақшасы жетпейтінін түсінеді. Жаңа жылды жалғыз өзі орманда қарсы алатын болған соң, көңіл-күйі түсіп кетеді. Қайғырғаны сонша, ағаштарды қайта шаба бастайды.
Мұны көрген аюлар да уайымға салынады. Ақылды жануарлар адамға көмектескілері келеді. Алайда қыс мезгілі болған соң, аюлардың ұйықтайтын мезгілі жақындап қалады.
Олар бұл мәселені қалай шешеді? «Балапаннан» көрейік!
«Аюлар» мультхикаясы ертеңнен бастап сағат 07:45-те эфирге шығады.