«Алашұлы» тобы – «Үгәй» (әні мен сөзі)
«Үгәй» әнінің сөзі
Боз жорғадай күмбірлеген күйге,
Ей, бозбала, кел, бойжеткен, биле!
Угәйләтіп әнге салып,
Топ-тобымен мына халық.
Билеп жүрген қазақ ұлы -
Біз боламыз, пай-пай-пай.
Хас батырдың алмасы – біз,
Асау өзен арнасымыз.
Үш арыстың таңбасымыз,
Жалғасымыз, пай-пай-пай.
Гиккәй-гиккәй әні бар,
Сал-серідей сәні бар.
Қайыспайтын жаны бар,
Танып ал, танып ал!
Боз жорғадай күмбірлеген күйге,
Ей, бозбала, кел, бойжеткен, биле!
Жаратушы тірегі бар,
Бойларында жігері бар.
Біз боламыз - ұлтым дейтін
Ұландарың, пай-пай-пай.
Қалың елдің сырластары,
Шыңға шықпай тынбас жаны.
Азаттықтың құрдастары,
Жыр-дастаны, пай-пай-пай.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02