Астанадағы «Толқын» спорт кешенінде бокстан жасөспірімдер арасында турнир өтеді
Астана қаласында Спорт күнін атап өту аясында қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі спорттық жарыстар мен қызықты эстафеталар, шеберлік сыныптары өткізілмек.
14 тамыз күні, сағат 09.00-де елордадағы «Толқын» спорт кешенінде 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан турнир өтеді.
Ал, сағат 13:45-те «Барыс» спорт кешенінде шайбалы хоккейден балалар мен жасөспірімдер арасында көрсетілім ойыны ұйымдастырылады.
Айта кетейік, елімізде Спорт мерекесі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, тамыз айының үшінші жексенбісінде аталып өтеді.
Бұл күн елімізде 2003 жылдан бері тойланып келеді.
Дереккөз: astana.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы22 наурыз күні «Наурыз-Думан» мерекелік концерті көрермен назарына ұсынылады
18.03.2026, 16:44
Жекпе-жек
01.03.2026, 12:09
😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆
19.02.2026, 15:15
Шытырман оқиғаға толы жаңа ситком
18.02.2026, 16:34
Жаңа мультхикая
18.02.2026, 16:07
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02