Ақылбек Жеменей, Санжар Қуантұр – «Елбасы – елдің тұтқасы» (әні мен сөзі)

«Елбасы – елдің тұтқасы» әнінің сөзі
Халқына болған қадірлі,
Алашқа сыйлап азат күн.
Елім бар ерен ел тұтқан,
Бағына туған қазақтың.
Үмітін елдің ақтаған,
Іргесін жердің сақтаған.
Өзіңдей қайсар ұлы бар,
Қазағыммен-ай мақтанам.
Көзіңмен сәуле құйып күн,
Сөзіңмен елді ұйыттың.
Қырандай қанат қақтың да,
Шыңына жеттің биіктің.
Бұлтын сырып мұнардың,
Қазақты төрге шығардың.
Алдына шықтың жарқырап,
Әлемдік көшбасшылардың.
Есілдің екі жағасы,
Көзімнің ақ пен қарасы.
Өзіңе мәңгі қарыздар,
Қазақтың әрбір баласы.
Тарихтың көшін ұстаған,
Дарабоздардың дарасы,
Елімнің асқар ағасы.
Тарихтың көшін ұстаған,
Қазаққа қамқор қайраткер,
Елімнің асқар ағасы.
Алысқа кетті-ау беделің,
Тұлғасы таудай кемелім.
Арқаға айдай қала салып,
Төбемді көкке теңедің.
Еліңнің ертеңгі күні үшін,
Таппадың түк те бір тыным.
Арманнан туған Астанаң,
Байтағы түркі жұртының.